Ресейлік мас турист Түркияда мешітке балғамен кіріп, жұртты шошытты

Фото: видеодан кадр/Тourprom

Ресейлік турист мас күйінде және қолында балғасымен таңғы намаз кезінде Анталияда Манавгат ауданындағы мешітке кіріп, келушілерді қорқытты. Оқиғаны бейнебақылау камералары тіркеді. Саяхатшы Ресейге жер аударылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік турист мас күйінде және қолында балғасымен таңғы намаз кезінде Анталияда Манавгат ауданындағы мешітке кіріп, келушілерді қорқытты. Оқиғаны бейнебақылау камералары тіркеді. Саяхатшы Ресейге жер аударылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Гүндогду ауданындағы Хаджи Айше Четин мешітінде болған, деп хабарлады CNNturk басылымы. Ақпаратқа сәйкес, таңертеңгі намаз кезінде ресейлік турист мешітке етікпен және мешіт ғимараттарынан алған балғамен кірді. Басылымның мәліметінше, ресейлік мас болған.

Адамдар намаз оқып отырған кезде ресейлік турист терезелерді жабуға тырысқан. Оның оғаш әрекеттерін мешітке қарама-қарсы тұрған күзетшілер байқап қалады.

Реклама
Реклама

Жамандыққа күдіктеніп, олар мешітке жүгірді. Турист әкелген балғаны қабырғадан суырып, тәртіп бұзушыны ғимараттан шығарды. Көп ұзамай оқиға орнына Манавгат курорттық қаласының жандармериясы келді және мас туристі учаскеге апарды. Ұсталған адам қауіпті әрекеттердің себептері туралы хабарлаған жоқ. Сот шешімімен ол отанына жер аударылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная