Ресейге қандай әуекомпаниялар ұшады?

Қазіргі әлеуметтік-саяси жағдай әуе тасымалы индустриясының жағдайына әсер еткені анық. Кейбір компания коммерциялық рейстерді сақтандыруды тоқтатқандықтан Ресейге рейстерді тоқтата тұруға мәжбүр. Қазақстан мен Ресей арасындағы 150-ден аса рейс тоқтатылды немесе ұшпай қалды.

Aviata онлайн-тревел агенттігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, бүгінде Ресейге бірнеше әуекомпания рейстер жасайды. Біз сізге Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Қазан, Махачкала және Грозныйға қандай әуекомпаниялармен ұшуға болатынын айтамыз.

1. SCAT әуекомпаниясы

15 наурыздан бастап әуекомпания Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Мәскеуге және кері рейсті бастайды. Астанадан ұшақтар сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері, Алматыдан сейсенбі және сенбі күндері ұшатын болады. Кейін Нұр-Сұлтан мен Алматыдан рейстер күн сайын орындалатын болады.

16 наурыздан бастап SCAT Ақтаудан Мәскеуге және кері рейстерді қосады. Ұшақтар сәрсенбі және сенбі күндері ұшады.

Шымкенттен Мәскеуге рейстер сәрсенбіде болады. 20 наурыздан бастап әуекомпания жексенбіде қосымша жиілікті, ал сәуірде аптасына үш рейске дейін қосады.

2. Qazaq Air әуекомпаниясы

Компания Екатеринбургке, Омбыға және Новосибирскіге Нұр-Сұлтаннан және Қазанға Ақтөбеден ұшады.

  • Нұр-Сұлтаннан Екатеринбургке - сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері. Екатеринбургтен Нұр-Сұлтанға - дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері.
  • Нұр-Сұлтаннан Омбыға және кері қарай - дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері.
  • Нұр-Сұлтаннан Новосибирскіге - дүйсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері. Новосибирскіден Нұр-Сұлтанға - дүйсенбі, сейсенбі, жұма және сенбі күндері.
  • Ақтөбеден Қазанға және кері қарай - дүйсенбі және бейсенбі күндері рейс болады.

3. Uzbekistan Airways

Uzbekistan Airways Ташкенттен Ресейге рейстер жиілігін арттырады:

  • Қазанға және кері қарай - сәрсенбі және жексенбі күндері;
  • Санкт-Петербургке және кері бағытта - сенбіден басқа күндерде күн сайын;
  • Новосибирскіге және кері қарай - бейсенбі мен жексенбіден басқа күндері күн сайын;
  • Владивостокқа және кері - сенбіде.

Сондай-ақ Үргеніштен Санкт-Петербургке және кері қарай 17, 20, 23, 28, 31 наурызда қосымша рейстер енгізілді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.