Ресейде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін

© Reuters

Сәуірде Ресейде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сәуірде Ресейде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы инфекционист-дәрігер Евгений Тимаков мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресейде коронавирус көктем мезгілінде өршиді және ол сәуірдің ортасында болауы мүмкін.

"Қыстың соңында бүкіл халықтың иммунитеті төмендейді. Көктемгі ЖРВИ, авитаминоз, сондай-ақ, күннің аз түсуіне байланысты адамдарда белгілі бір депрессия кезеңі басталады. Иммунитет төмендейді, адамдар ауруға көбірек бейім болады. Тиісінше вирусты тіпті кішкентай дозада да жұқтыруы мүмкін", - деді Тимаков.

Реклама
Реклама

Сарапшының айтуынша, шектеулерді мерзімінен бұрын жеңілдететін немес алып тастайтын болса көктемде Ресейде коронавирус инфекциясы өршуі мүмкін. 

"Вирустың өршуі бәрібір болады. Бірақ мәселе оның қалай өтетінінде. Жаппай жұқтыру, жеңіл түрде өту деген сияқты. Алайда сәуірге дайын болуымыз қажет ", - деді Тимаков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная