Ресейде ер адам ұшақтың багаж салатын бөлігінде ұшпақ болған

Ресей астанасының Домодедово әуежайында ер адам Мәскеу Калининград таңғы рейсіне кешігіп қалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жаңа билетті сатып алудың орнына ол өз бағытына ұшатын басқа лайнердің багаж бөліміне кіріп, жасырынған. Кейін оны полиция қызметкерлері тапқан.

"Московские новости" Телеграм-каналының мәліметінше, ер адамды психиатриялық ауруханаға жеткізген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!