Ірі әуекомпания жолаушыларға 230 мың теңгеге түскі ас ұсынды

Фото: pixabay.com

Жапонияның ірі әуекомпаниясы азаматтарға 390 фунт стерлингке (шамамен 230 мың теңге) тамақ ұсынды. Тек жолаушылар ұшпайтын бортта ас ішеді. Бұл туралы The Guardian жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапонияның ірі әуекомпаниясы азаматтарға 390 фунт стерлингке (шамамен 230 мың теңге) тамақ ұсынды. Тек жолаушылар ұшпайтын бортта ас ішеді. Бұл туралы The Guardian жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Nippon Airways компаниясы клиенттерге ерекше қызметті - тұраққа қойылған лайнерде түскі ас ұсына бастады. Олар мұны "қанатты мейрамхана" ретінде таныстырды.

Реклама
Реклама

Қонақтар алдын ала жапон немесе басқа елдің тағамдарын таңдады. Ашылған күні мейрамханаға 60 жолаушы келді. Олар тағамның сапасы мен дәмін жоғары бағалап, жаңа қызметке риза болды.

Басылымның мәліметінше, пандемияға байланысты авиация саласы үлкен дағдарысты бастан кешіп жатыр. Сондықтан кейбір әуекомпания ұшақтар паркінің тоқтап қалу проблемасын шешу үшін осындай ерекше шешімдер тауып жатыр. Мұндай мейрамхана Сингапур, Ұлыбритания және Финляндия әуекомпанияларында да бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная