Екі адам АҚШ-тың Юта штатының оңтүстігіндегі мәдени нысанда ежелгі петроглифтерді бүлдірді деген күдікпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Өткен сенбіде ер адам мен әйелдің туристік жолда байырғы америкалық халықтың ежелгі тасқа салынған суреттерін бүлдіргені байқалған. Олар тасқа бірдеңені ойып жазған болуы мүмкін. Кейін оларды автотұрақта көрген. Daily Mail басылымы мәліметінше, күдіктілер қара түсті седан көлігімен оқиға орнынан кеткен.
Бұл жұптың бейнежазбасы TikTok желісінде жарияланды. Медиада күдіктілерді немесе олардың көлігін таныған адамдардан шериф кеңсесіне хабарласуын сұрайды. Күдіктілерді жауапкершілікке тартуға әкелетін ақпарат үшін 1000 доллар (шамамен 513 мың теңге) көлемінде сыйақы ұсынылады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!