Пхукетте туристерге тегін ұшу мен қонақүйге жеңілдік ұсынылды

Осы жазда Пхукетте шетелдік туристер демалысын ұзартуы үшін қонақүйдегі жеңілдіктер мен тегін рейстер ұсынылады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Таиландтың Туризм және спорт министрлігі 1 шілдеден бастап Пхукетке бара алатын шетелдік саяхатшыларға түрлі бонус ұсынуды жоспарлап отыр.

"1 шілдеден бастап COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған, карантиннен босатылған туристер Пхукетте он күн демалғаннан кейін басқа провинцияларға тегін ұшу немесе жеңілдетілген әуе билеттерін ұсынсақ, қызығып, демалысын ұзартуы мүмкін", - деді туризм және спорт министрі Пхипат Ратчакитпракарн.

Оның айтуынша, вакцинацияланған қонақтар Пхукеттен кейін Самуи аралына бара алады. Шілде айына дейін Краби, Паттайя және Чианг провинцияларында тұрғындардың 70 пайызы екпе салдырып үлгерсе, бұл жақтарға да туристерді жіберуге болады. Қыркүйекке қарай тізімге Бангкок қосылуы мүмкін.

Таиландтың Туризм және спорт министрлігі Пхукет пен Самуи арасында ұшуға дайын әуекомпаниямен келіссөз жүргізді. Басқа тасымалдаушы да жеңілдікпен ұшу жобасына қосылуға дайын. Бірақ ол үшін шетелдіктердің ішкі рейске сұранысы жоғары болуы керек.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.