Пхукетте туристерге жаңа айыппұлдар салына бастады

Фото: pixabay

Пхукетте бірнеше туриске Патонг көшелерінде тіркелмеген электр самокатпен жүргені үшін айыппұл салынды. Қала полициясы техниканың иелеріне оны тіркеу керегі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Новости Пхукета" газетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пхукетте бірнеше туриске Патонг көшелерінде тіркелмеген электр самокатпен жүргені үшін айыппұл салынды. Қала полициясы техниканың иелеріне оны тіркеу керегі туралы ескерту жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі "Новости Пхукета" газетіне сілтеме жасап.

Айыппұлдар жергілікті тұрғындардан осы көлікпен жүретін адамдар жауапсыз жүруге байланысты жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретіні туралы бірқатар шағым түскеннен кейін алына бастады.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде полицейлер көше рейдін жүргізіп, бірнеше шетелдікті самокатта ұстады. Тәртіп сақшылары көлік құралдарының тіркелмегенін, ал туристердің өзімен бірге техникаға ешқандай құжаттары жоғын анықтады. Оларға айыппұл салынды.

Ал самокаттар тәркіленіп, полиция бөлімшесіне сақтауға жіберілді. Иелерін анықтап, жауапкершілікке тартқанша сонда тұрады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная