Пхукетте бетпердесіз жүрген адамдарға 666 доллар айыппұл салынады

© pixabay.com

Сovid-19 қайта өршуіне байланысты Пхукетте жаңа шектеулер жарияланды. Ендігід үнемі бетперде тағып жүру керек, әйтпесе айыппұл салынады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сovid-19 қайта өршуіне байланысты Пхукетте жаңа шектеулер жарияланды. Ендігід үнемі бетперде тағып жүру керек, әйтпесе айыппұл салынады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Таиландта коронавирустың таралуын тоқтату мақсатында 16 қаңтар мен 28 ақпан аралығында төтенше жағдай енгізіледі. Пхукетте бұған ерте дайындалған - 7 қаңтардан бастап әрбір тұрғын өз үйінен асқанда үнемі бетперде тағып жүруі тиіс. 

Реклама
Реклама

Бетпердені мекеме ішінде және көшеде тағып жүру керек. Бетперде тақпаған жағдайда Пхукет губернаторы Наронг Вунсев 20 мың бат (279 140 теңге) айыппұл салу және 1 айға қамауға алу жарлығын шығарды. Айыппұл салу мен қамауға алу қатар жүреді. 

Спортпен шұғылданғанда немесе тамақ ішетін болсаңыз мынаны ескеріңіз.

Қоғамдық жерде тамақтану:

Тамақ ішкенге дейін және содан кейін бетперде тағулы болуы керек. 
Қолды антисептикпен сүрткеннен кейін тамақтануды бастауға болады. Тамақтың соңында қолды антисептикпен сұрту керек.
Қз тамағыңызды біреумен бөлісуге рұқсат етілмейді. Сіз тек өз ыдысыңыздан жеуге болады.
Тамақтану кезінде сөйлесуге болмайды. 
Тамақтану кезінде сіз әлеуметтік қашықтықты сақтауыңыз керек - сіз басқа адамдардан кемінде 1 метр қашықтықта болуыңыз керек.

Қоғамдық жерлдерде спортпен шұғылдану:

Адам көп жүретін жерде жаттығу жасамағаныңыз жөн.
Жаттығу кезінде бетперде киюдің қажеті жоқ, бірақ оны физикалық жаттығулар аяқталғаннан кейін бірден кию керек.
Спорттық шаралар алдында және олардан кейін қолыңызды антисептикпен сүрту керек.
Спортпен шұғылдану кезінде қолайлы әлеуметтік қашықтық - кемінде 2 метр.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная