Пхукет туристерді шілдеден бастап қабылдайды

Пхукет билігі шекараларды ашып, туристер үшін карантинді алып тастау туралы шешім шығарды. Таиландтағы аралдың саяхатшылар үшін ашылатынын Пхукет вице-губернаторы Печет Панасоник жұқпалы аурулар комитетінің отырысында айтты, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы The Phuket News басылымына сілтеме жасап.

Пхукетте саяхатшылар үшін 2021 жылдың 1 шілдесінен міндетті карантин болмайды. Шетелдіктер карантин жойылса, тропикалық аралға барғысы келетіні сауалнамадан кейін белгілі болды. Билік жағажайға келген шетелдіктерді COVID-19 tracing мобильді қосымшасы арқылы бақылайды.

Сондай-ақ Пхукеттің ашылуына вакцинация жоспары да әсер етіп отыр. 1 шілдеге дейін жергілікті тұрғындарға 930 000 доза вакцина әкелінеді.

Фото: pixabay.com

Қазір Пхукеттің шамамен 600 қонақ үйінде 120 000 бөлме бос тұр. Вице-губернатордың айтуынша, жергілікті халықты кедейліктен құтқару үшін туристік ағымның қайта басталуы қажет.

"Пандемиядан бұрын Пхукеттегі орташа табыс айына 43000 бат болатын, 2020 жылы ауру басталғаннан кейін орташа табыс айына 8303 батқа дейін төмендеді", - деді Пичет Панапонг.

Айта кетейік, бұған дейін Таиландта тағы бір курорт туристерді қабылдайтынын хабарланды. 1 қазаннан бастап Самуи аралы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін ашылады деп жоспарланған. Оларға карантиннің қажеті жоқ, тек вакцинация туралы анықтаманы көрсетуі жеткілікті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!