Пхукет су астында қалды: көшелерде тасқын белге дейін көтерілді

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жан түршігерлік су тасқынынан Пхукеттің (Тайланд) бірқатар ауданы зардап шекті. Сонымен қатар, аралда Банг-Нью бөгеті бұзылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Туристер арасында танымал орындардың бір бөлігі - әйгілі Патонг жағажайы мен Камала су астына кетті, кейбір көшеде су тізеге дейін, ал кейбіреуінде белбеуге дейін жетеді.

The Phuket News хабарлауынша, көбіне Патонг, Камала және Пхукет Таун тасқынның қатты соққысынан зардап шеккен. Кейбір жерде тек жүк көліктері мен үлкен автобустар жүре алады, ал қалған көліктер бұрылуға мәжбүр болды. Сондай-ақ, тасқын жолды жауып тастады.

Реклама
Реклама

"Бұл менің есімдегі ең жаман су тасқыны. Ескі қаладағы Thalang Rd көшесі ешқашан су астында қалмаған, бірақ қазір су оның үстінде тұр", - деп түсіндірді ескі қаланың туристік бірлестігінің төрағасы Сомойт Патхан басылымға.

Туристер мен жергілікті тұрғындарға су тасқынынан жолдардан басқа, кейбір ауданда электр желілері де зардап шеккені туралы ескертілді. Ұялы байланыс та толық жұмыс істемейді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!