Пхукет шілдеде туристер үшін карантинді алып тастамайтын болды

1 шілдеден бастап туристер вакцина салдырғанына қарамастан Пхукетке карантинсіз кіре алмайды. Коронавирус жұқтырғандар санының өсуі және вакцинаның жеткіліксіз болуы аралдың ашылу мерзімін қайта қарауға себеп болды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы АТОР басылымына сілтеме жасап.

"Бұған дейін Пхукет 1 шілдеде ашылады деген жоспарымыз орындалмайды. Коронавирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты бұл жоспарды байыппен қайта қарау керек", - деді Таиланд туризм және спорт министрі Пхипхат Ратчакитпракарн.

Bangkok Post газетінің мәліметінше, аралдың қашан ашылатыны әзірге белгісіз. Алдағы аптада бұл мәселе қайта талқыланады.

"Біз ашылу мерзіміне қатысты алаңдап отырмыз. Әлі екпе егу жоспарын талқылауымыз керек. Егер ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмасақ, Пхукетте тек белгілі бір аудандарды ашуды қарастыруымыз керек", - дейді Пхипхат Ратчакитпракарн.