Париждегі сән апталығы толығымен цифрлық форматта өтеді

© elements.envato.com

Франция сән федерациясы осы айда Парижде ерлер мен жоғары сән көрсетілімдері коронавирусқа байланысты көрермендерсіз өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Indian Express сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Франция сән федерациясы осы айда Парижде ерлер мен жоғары сән көрсетілімдері коронавирусқа байланысты көрермендерсіз өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Indian Express сайтына сілтеме жасап. 

Федерация өкілдері полиция нұсқауларынан кейін осы маусымда оларға қонақ шақыруға рұқсат етілмейтінін айтты.

Реклама
Реклама

"Париждегі сән апталығы әдеттегідей емес, толығымен цифрлық форматта өтетінін растаймыз. Сән үйлері тікелей эфирде подиумдарда шоу ұйымдастыра алады, бірақ іс-шаралары жабық өтуі керек", - делінген федерация хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Paris Fashion Week (@parisfashionweek)

Париж карантинде болмаса да, бүкіл елде қозғалысқа қатаң шектеулер бар екені, оның ішінде 20:00-ден 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілгені атап өтілді. Карантин шараларын бірнеше рет сақтамағандар алты айға бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

15 желтоқсанда Франция 28 қарашада енгізілген локдауннан бас тартты, бірақ көптеген қатаң шектеу шарасы сақталды. Театрлар мен кинотеатрлар, барлар мен мейрамханалар жабық күйінде қалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Paris Fashion Week (@parisfashionweek)

Миландағы сән апталығы да цифрлық форматта өтетінін айта кеткен жөн. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная