Париждегі Эйфель мұнарасы жабылды

pixabay.com

Париждегі Эйфель мұнарасы әзірге қонақтарды қабылдамайды. Осы аптада туристер қызметкерлердің ереуіліне байланысты Париждің танымал көрнекі жері - Эйфель мұнарасына кіре алмады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Париждегі Эйфель мұнарасы әзірге қонақтарды қабылдамайды. Осы аптада туристер қызметкерлердің ереуіліне байланысты Париждің танымал көрнекі жері - Эйфель мұнарасына кіре алмады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Time out порталының мәліметінше, осындай ереуіл желтоқсаннан бері екінші рет өткізіліп жатыр. Эйфель мұнарасының қызметкерлері ескерткіштің басшыларына қарсы шыққан. Мекеме кәсіподағының сөзінше, қала билігі техникалық қызметке кететін шығындарды тиісінше бағаламайды, салдарынан тым көп билет сатылады. Бұл қызметкерлерге айтарлықтай ауыртпалық түсіреді. Сонымен қоса қонақтар мен қызметкерлердің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Бұдан бөлек жұмысшылар билет құнының өсуіне сәйкес жалақыны да көтеруді талап етіп отыр.

Айта кетейік, Эйфель мұнарасы 19 ақпаннан бастап жабылған. Туристік орын осы апта бойы келушілерді қабылдамауы мүмкін. Әзірше мұнараға көтерілу мүмкін емес. Электрондық билеттері бар адамдар қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошталарын тексерулері керек.

Реклама
Реклама

Осы жазда Париж олимпиадасы басталады. Ресми ашылу салтанаты 26 шілдеге белгіленді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная