Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Парижде "әлемдегі ең керемет" қонақүйге шабуыл жасалды


Белгісіз екі адам Париждегі George V қонақүйіне шабуыл жасап, 100 мың еуро тұратын зергерлік бұйымдарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Франс Пресс агенттігі тергеуге жақын дереккөздерге сілтеме жасап.

Қарулы екі адам бейсенбіде сағат 21.30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 01.30-да) Елисей алаңының аумағында орналасқан қонақүйге кірген. Олар әйгілі компаниялардың зергерлік бұйымдары сақталған сөрелерді сындырып, ұрлап кеткен. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, қонақүй шамамен 100 жыл бұрын салынған. 1990 жылдары қайта жөнделді және бірнеше басылым оны "әлемдегі ең жақсы" қонақүй деп таныды.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды