Фото: Рixabay.com Фото: Рixabay.com

Пандемия салдарынан өзі саяхаттайтын туристер азайды - зерттеу


Пандемияға байланысты өзі саяхаттайтын туристер саны күрт азайды. Ұлыбританиялық туристік агенттіктер қауымдастығы (ABTA) тәуелсіз саяхаттар танымалдығын жоғалтып жатқанын көрсететін зерттеу жүргізді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Travel Daily Media басылымына сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына дейінгі кезеңге қарағанда, туристер агенттіктердің қызметіне 28 пайызға жиі жүгіне бастаған.

ABTA жүргізген зерттеу саяхатшылардың турпакетті жиі ала бастағанын көрсетті. Туроператорлар ұсынатын жолдамалар өз бетінше саяхаттауға қарағанда туристерді барынша жоғары деңгейде қорғайды. Өйткені қыдырып баратын елінде эпидемиологиялық жағдай өзгерсе, броньды жоюға және ақшаны қайтаруға немесе саяхат күнін өзгертуге мүмкіндік береді.

Жолдама тапсырыс берген туристер ақшасына сапасы сай келетін турпакет алады. Ал әрбір саяхатшыға турагент шартты түрде "бекітілген" болғандықтан, турист қандай да бір мәселе бойынша кімге жүгіну керегін ойлаудың қажеті жоқ. Компания әрдайым ақпараттық қолдау көрсетуге дайын.

Жолдаманы туризм маманынан брондаудың себебі ретінде зерттеуге қатысқандардың жартысы турдың қауіпсіздігін атап өтті. Олардың 48 пайызы туристік компанияларға сенім білдіретіндерін айтты. Өйткені турагенттер бірқатар өзекті мәселені шешеді.





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды