Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Пандемия кезінде туристер үшін ең қауіпті елдер аталды


Германиядағы Роберт Кох институты (RKI) елдер бойынша COVID-19 жұқтырған неміс туристерінің саны туралы мәліметтерді қорытындылады және ең қауіпті бағыттардың тізімін жасады. Бұл туралы Frankfurter Rundschau сайты жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

RKI мәліметтері бойынша, Германияда соңғы төрт аптада коронавирус жұқтырған 87 572 адам анықталды. Оның ішінде 26 218 пациент шет мемлекеттен жұқтырған.

"Қазіргі инфекция жұқтырғандардың көбі Балқан елдерінде жұқтырған. Көбінесе ауру жұқтырған ел ретінде Түркияны көрсетті, бұл елден келген 6087 демалушы тіркелді", - делінген институттың хабарламасында.

5,7 мыңға жуық пациент вирусты танылмаған Косовода жұқтырған. Үшінші орында Хорватия, онда екі жарым мыңға жуық неміс жұқтырды. Сондай-ақ, туристер арасында танымал болған Грекия мен Италия да анти-рейтингтің ондығына кірді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды