Финляндия билігі 13 желтоқсанға дейін созылған антидопингтік шектеулерді тағы бір айға созды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы ел үкіметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Басқа елдердегі коронавирус жұқтыру көрсеткіштерінің артуына байланысты Финляндия шекарасы 2021 жылдың 12 қаңтарына дейін жабылады. Жаз кезінде COVID-19 жағдайы салыстырмалы түрде аз болған, ал күз басталысымен ауру жұқтырғандар саны артқан. Сол себепті шектеулерді жеңілдетуге еш негіз жоқ.
Осылайша тек Еуроодақ азаматтары және одан бөлек жеті елдің (Жаңа Зеландия, Аустралия, Таиланд, Сингапур, Руанда, Жапония және Оңтүстік Корея) азаматтары Финляндияға турист ретінде кіре алады.
Шектеулерге байланысты фин Сантасының кәсібі зардап шеккен, оның резиденциясы лапландтық Рованиемиде орналасқан. Пандемияға байланысты Санта халықаралық сапарға шыға алмады, сондай-ақ балалармен суретке түсуге де тыйым салынған. Санта-Клаус міндетті әлеуметтік қашықтықты сақтап, балалармен сөйлеседі. Оған бір ғана жеңілдік берілген, ол маска тақпайды.
Былтыр қыста Рованиемиге жарты миллион адам келген. Биылғы маусымда ары кетсе 35 мың турист келеді деп күтіледі. Осының салдарынан Санта резиденциясына 700 миллион еуро шығын келген.