Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Пәкістан әлемде бірінші болып вакцина салдырмай ұшуға тыйым салды


Пәкістанның Ұлттық командалық-жедел орталығы (ПҰКЖ) вакцина салдырмаған азаматтарға ішкі әуе сапарларын жасауға тыйым салды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПҰКЖ орталығының Twitter-дегі ресми аккаунтында 1 тамыздан бастап Пәкістанның 18 жастан асқан вакцина салдырмаған азаматтарына ішкі рейстер жасауға тыйым салынғаны айтылған. Бұл тыйым елге келуге немесе одан кетуге қолданылмайды. Ел ішіндегі ұшулар екпе егілген адамдар (соның ішінде шетелде вакцина салдырғандар), шетел азаматтары мен ресми медициналық шектеуі бар адамдар үшін қолжетімді.

Пәкістанның Ұлттық командалық-жедел орталығының мәліметтері бойынша, елде дельта (Үнді), бета (Оңтүстік Африка) және коронавирустың альфа (Британия) нұсқаларын жұқтырған науқастар тіркелді. COVID-19 ауруының деңгейі миллионнан асты және статистикаға сәйкес Пәкістан COVID-19 пандемиясының басталуынан бері аурудың өршуі бойынша елдер арасында 30-орында тұр.

Бұған дейін ПҰКЖ орталының басшысы Асад Омар пандемияның төртінші толқынының басталғанын ескертіп, екпе салдырмаған азаматтарға ішкі рейстерге тыйым салуды ұсынған болатын.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды