"Өзіңді қолға үйрету". Әлемдегі жануарларсыз жұмыс істейтін 5 цирк жайлы

Фото: @cirquedusoleil

Қазір көптеген елдер цирк қойылымдарында жануарларды пайдаланудан бас тартуда, осыған қарамастан, спектакльдер өз тартымдылығын жоғалтпайды. Себебі, адамдар жаңа фокустар мен декорацияларды ойлап табады, кейде оларға қазіргі заманғы технологиялар көмекке келеді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге сіздерді әлемдегі ең керемет цирк труппаларының ареналарына шақырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазір көптеген елдер цирк қойылымдарында жануарларды пайдаланудан бас тартуда, осыған қарамастан, спектакльдер өз тартымдылығын жоғалтпайды. Себебі, адамдар жаңа фокустар мен декорацияларды ойлап табады, кейде оларға қазіргі заманғы технологиялар көмекке келеді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге сіздерді әлемдегі ең керемет цирк труппаларының ареналарына шақырады.

Егер көңіл-күйдің салмағын өлшеу мүмкін болса, онда, бәлкім, циркті тамашалаушылардың көңіл-күй өлшемі одан да асып түсер ме еді, кім білсін. Нағыз өнер сиқыры осы жерде болады. Жасы мен ұлтына қарамай, цирк әртістері әрдайым адамдардың назарын аударып, олардың жүректерін жаулап, қауіпті қойылымдардан зәре-құттарын қашырып отырады.

Реклама
Реклама


Видео Youtube/VOOD VOOD

"Таңғаларлық! Мыналар өзі адам ба?", "Мен бұл қойылымды өз көзіммен көрдім. Мұндай кереметті бұрын-соңды көрмеппін", "Міне, керемет: адамдар өздерінің шеберліктерін өмір бойы шыңдайды, өзін-өзі үйретеді, жаңа биіктерді бағындырады. Бұл жануарларды қинау емес. Одан да осындай жандарға қараған керемет!" - деп жазады пікір білдірушілер.

"Өлім дөңгелегі" деп аталатын бұл қойылымды танымал канадалық цирк труппасының бағдарламасынан көруге болады. Біз осы цирктен бастаймыз.

Cirque du Soleil

1984 жылы Гай Лалиберте есімді жас жігіт провинциядан Квебекке дейін 90 шақырым жолды ағашаяқпен жүріп өтіп, миллион долларлық грантқа ие болды. Сол жылы Квебек үкіметі Канаданың ашылуының 450 жылдығын атап өтіп, көше өнерпаздарын тарту үшін байқау ұйымдастырды. Бұл бүкіл әлемде танымал, әрі табысты цирк өнерінің дамуына әкелді. "Күн циркі" деген мағынаны білдіретін Дю Солей циркі жас канадалықтың көшпелі цирк құру арманынан туған. Әуел бастан Лалибертенің негізгі ұстанымы жануарларды шоуға қатыстырмау болды. Жаттықтырушылардың ең қызықты идеяларына қарамастан, ол ешқашан жануарларды араластырған емес. 2015 жылы Лалиберте өзінің акцияларының едәуір бөлігін 1,5 миллиард долларға сатып, еңбек жолын аяқтайды, бірақ Дю Солейдің негізгі ұстанымы осы күнге дейін өзгермеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cirque du Soleil (@cirquedusoleil)

Қазір цирк труппасында әлемнің 60-қа жуық елінен бес мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олардың әр түрлі бағдарламасы әрдайым үш компоненттен тұрады: өздері тігіп жасайтын экстраваганттық костюмдер, өзіндік және ерекше жарықтандыру және диетикалық музыкалық сүйемелдеу (яғни, дыбыс көзі аудиторияға көрінеді). Соның арқасында Дю Солей жанры цирк пен театрдың қосындысы сияқты сипатталады.


Видео Youtube/Cirque du Soleil

Қызық дерек

Бүкіл шоуды тасымалдау үшін 50-ден 75-ке дейін жүк машинасы қажет болады. Кейбір қойылымдардың барлық жабдықтарын орнатуға бір аптадан аса уақыт кетеді. Цирк репертуарында оннан аса әр түрлі тақырыптық қойылымдар бар, олардың арасында Майкл Джексон мен Битлзге арналған қойылымдар да бар. Сонымен қатар суда көрсетілетін шоулар да бар. Цирк акробаттарымен әйгілі, ал бас айналдырар қойылымдарға қарамастан, барлық нөмірлер сақтандырусыз орындалады, ал әртістерде дублер жоқ.


Видео Youtube/Cirque du Soleil

Күн циркі Монреалда орналасқан, онда цирктің алғашқы көк-сары шатыры әлі де бар. Алайда, әртістердің негізгі труппасы Лас-Вегаста өнер көрсетеді. Онда бес шоу-бағдарлама тұрақты түрде өтеді. Қалғандары тұрақты халықаралық турларда өнер көрсетеді. Қазір бұл Еуропаның 14 еліндегі 30 қала. Қазақстанға ең жақын Мәскеу мен Санкт-Петербург. Кестемен цирктің ресми сайтынан танысуға болады.

Roncalli циркі

Немістің Ронкалли циркі 1976 жылдан бері жұмыс істеп келеді және өзінің тарихымен танымал. Екі жыл бұрын Ронкалли көрермендерін таң қалдырды. Өнертапқыштық тәсілдің арқасында көрермендер пілдердің ұшуды қалай үйренетінін, ал алтын балықтар біздің көз алдымызда өсіп, күмбездің астында жүзіп жүргенін көрді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roncalli Official (@circustheaterroncalli)

Ия, цирк басшылығы тірі жануарлармен өнер көрсетуден толығымен бас тартты. Олардың орнына қазір көлемді голограммалар көрсетіледі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roncalli Official (@circustheaterroncalli)

Осылайша Бернхард Пауль (цирктің негізін қалаушы және клоун рөлінде ойнайтын актер) 3D технологиясын жүзеге асыруға жарты миллион еуро жұмсады. Бұл еңбегі ақталып, Ронкалли бүкіл әлемге танымал болды және көрермендердің қызығушылығы бірнеше есе артты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roncalli Official (@circustheaterroncalli)

Қызық дерек

Бернхард өзінің циркіне Джузеппе Ронкалли деп аталатын Рим Папасы XXIII Иоанның құрметіне осындай атау берді. Сонымен қатар, Кельн соборының алдындағы алаң Ронкалли Платц деп те аталады. Бернхард Пауль дәл осы алаңнан өз циркін көруді армандайтын.

Цирк труппасы голограммалардан басқа оркестрдің сүйемелдеуімен және ашық аспан астындағы іс-шараларға қатысуымен танымал.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Roncalli Official (@circustheaterroncalli)

Ронкалли циркі Германияның Кельн қаласында орналасқан. Сіз олардың бағдарламаларын бірнеше қалаларда көре аласыз: Кельн, Реклингхаузен, Дюссельдорф, Людвигсбург, Вена, Грац. Билеттерді онлайн режимінде ресми сайттан сатып алуға болады.

Қытай мемлекеттік циркі

Ұлттық қазына болып табылатын қытай цирк дәстүріне екі мың жыл толды. Цирктің негізгі идеяларының бірі - жануарларды үйрету емес, адамның өзін-өзі қолға үйрету қабілеті. Қытай циркінің әртістері ерекше. Әрине, себебі өйткені труппа шаолиньдік монахтардан тұрады.


Видео Youtube/GandeyWorldClass


Видео Youtube/Liverpool Street Videos

Осы күнге дейін шеберліктің барлық құпиясы мемлекеттік құпия болып саналды. Ертеде жылан әйелдің икемділігінің құпиясын ашқаны үшін өлім жазасына кесілді. Қытай циркіндегі қойылымдардың көпшілігін 12 мен 23 жас аралығындағы жігіттер орындайды. Дәстүрге сай балалар цирк өнерін үш жасынан бастап үйрене бастайды. Баланы циркке қабылдау оның болашағына кепілдік береді, дегенмен конкурстан өту керек, және әдетте олар екі-үш мың талапкердің ішінен таңдайды. Сондықтан 10-12 жасында олар лауреат атағына ие және жоғары кәсіби мамандар болып келеді.


Видео Youtube/Здарова, путник

Қытай циркіне деген қызығушылықты ерекше және түрлі-түсті шығыс дәмімен, өнерінің өзіндік ерекшелігімен және керемет қойылымдарымен - еуропалық цирк мектебінен өзгешелігімен түсіндіруге болады. Рас, басқа цирктердей, қазір цирк кез келген қойылымды уақытша тоқтатты. Бірақ ресми сайтта және әлеуметтік желілерде ақпарат белсенді түрде жаңартылуда, сондықтан, мүмкін, жақын арада біз цирктің осы нәзік шығыс әлемін қайта сезінуге мүмкіндік алармыз.

"Мама Африка" циркі

Адам мен хайуандардың өмірі Африка елдерінде тоғысып жатыр десе болады. Бірақ мұнда да континент үшін ерекше орын - "Африка Мама" циркі бар. Оған Шығыс Африканың әр түкпірінен ондаған әртістер жиналды. Оның үстіне, олардың барлығы жануарлармен бірге өнер көрсетуден түбегейлі бас тартты. Жігіттер жаттығудың орнына эквилибристика әрекетімен керемет қойылымдар жасайды.

Африкандық түрлі-түсті музыканың сүйемелдеуімен әсерлі физикалық қойылымдар және ерекше билер - бұл талантты африкалықтардың жаңа және ерекше қойылымы. Әрине, жонглёрліктен басқа, бірдей әсерлі нөмірлері де бар. Акробаттар мен гимнасттарында ерекше африкалық қозғалыс пен харизматикалық энергия бар. Кейде спектакль кезінде көрермендерден қонақтар Африканың барабандарындағы таңғажайып билерге қатысу үшін шақырылады. Сондай-ақ қонақтар да оларда ойнай алады.

Африка Mama Afrika-ның алғашқы қойылымын 2008 жылдың 19 қарашасында көрді, келесі жылы цирк Танзаниядан бүкіләлемдік турнеге аттанды. "Mama Africa" үшін гастрольге шығу тек табыс көзі емес, сонымен бірге имидждік тарих.


Видео Youtube/Sergey Ostroushko

Әртістері әсіресе Еуропада, туристік қалаларда және жағажайларда танымал. Өкінішке орай, ресми сайтта цирктің келесі шетелдік гастрольдерінің нақты күндері мен кестелері жоқ. 2021 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша билет бағасы ересек адамға 25 мың танзаниялық шиллингті (4641 теңге), ал балалар үшін 15 мыңды (2784 теңге) құрайды. Егер сіз Танзанияға келер болсаңыз (ол континенттің шығысында орналасқан), Үнді мұхитының жағалауына, Дар эр Салам қаласына барыңыз. Дәл сол жерде, Масаки аймағында сіз Африка циркінің сары-қызыл шатырларын немесе әлемдік цирк қауымдастығында "сезім циркі" аталған танымал циркті көре аласыз.

OZ циркі

Аустралияға жол тартсақ. OZ циркі ("Оздың ғажайып сиқыры" хикаясының атымен аталған) әлемдегі ешқандай циркке ұқсамайды. Ол 40 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істейді және қойылымдарында цирк өнері, сатира театры мен рок-н-роллді біріктіреді. Әртістер фонограмманы қолданбайды және музыкалық аспаптарда өздері ойнайды. Сонымен қатар, барлық қойылымдары аустралиялық рухқа толы. Мұндай ерекше өнерімен әртістер бүкіл әлемге танымал болды. Қойылымдарында жануарларды пайдаланбайды.


Видео Youtube/AucklandFestival

Цирк әртістері қонақтармен қарым-қатынас жасауды жақсы көреді және көпшіліктің арасында өз нөмірлерін жиі көрсетеді. Кейбір қойылымдар көрермендердің бас жағында көрсетіліп жатады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Circus Oz (@circusoz)

Ресми сайты көңіл көншітпейтін жазумен қарсы алады: "Әлем айтарлықтай өзгерді. Біз осы ерекше мүмкіндікті қолдан келгеннің бәрін қайта қарау үшін қолданамыз". Өкінішке орай, пандемияға байланысты цирктің қызметі тоқтатылды. Бірақ әртістер үмітін үзбей, шоу-бағдарламаларды қайта бастауға дайындалып қана қоймай, цирктің қойылымдарын үйрететін бейнероликтер түсіріп, Facebook-те бөліседі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Circus Oz (@circusoz)

Шымкент

Соңында, бірте-бірте жануарлармен бірге спектакльдерден бас тарта бастаған Шымкент циркі туралы айтуды жөн көрдік. 2021 жылы наурызда әртістер акробатикалық трюктер, клоундар, сиқыршылар мен жонглерлердің қойылымдары ғана қамтылған 14 шоу-бағдарлама ұсынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? ГККП "Шымкент-Цирк" (@circus_shymkent)

"Біз циркіміздің имиджін жаңартқымыз келеді. Бұл тек декорация, костюмдер мен трюктер туралы ғана емес. Наурызда біз жануарларсыз 14 қойылым қойдық, ал көрермендер керемет қабылдады. Біз бұл тәжірибені жалғастырамыз және қазірдің өзінде балаларды қорғау күніне және қала күніне жаңа қойылымдар дайындап жатырмыз", - дейді "Шымкент-цирк" өкілі Сұлтанхан Аманов.

Бір қызығы, шымкенттік цирктің жаңа репертуары Дю Солей циркінің қойылымдарының негізінде жасалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ? ГККП "Шымкент-Цирк" (@circus_shymkent)

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная