Өзбекстанда барлық ковид шектеуі алынып тасталды

Фото ©Pixabay

Өзбекстанға келген туристер үшін коронавирус пандемиясымен байланысты барлық шектеу алынып тасталды. Республикалық арнайы комиссияның шешімі 2022 жылғы 10 маусымнан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Өзбекстан Республикасының Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанға келген туристер үшін коронавирус пандемиясымен байланысты барлық шектеу алынып тасталды. Республикалық арнайы комиссияның шешімі 2022 жылғы 10 маусымнан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Өзбекстан Республикасының Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты шетелдік туристерден бұдан былай коронавирусқа ПТР-тестінің теріс нәтижесін, антигендерге жедел тест және вакцинация туралы сертификат/төлқұжат талап етпейді. Бұл әуе жолдарымен, шекара маңындағы теміржол станцияларымен және шекаралық өткізу пункттерімен келетін саяхатшыларға қатысты қолданылады.

Комиссия Өзбекстанда коронавирустың таралу динамикасын, ауруханаға жатқызылған және шығарылған науқастардың санын, карантиндегі азаматтар санының оң өзгеруін, сондай-ақ республикадағы эпидемиологиялық жағдайды, ДДҰ мен тиісті ведомствоның ұсыныстарын ескерді.

Реклама
Реклама

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная