Өзбекстан Қазақстанға автобус рейстерін қайта шығарады

Өзбекстанның көлік тасымалы министрлігі 19 қаңтардан бастап Қазақстанмен халықаралық автобус қатынасын қайта қалпына келтіреді, - деп хабарлайды TengriTravel.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 қаңтарда Өзбекстаннан Қазақстанға халықаралық автобус қатынасы тоқтаған еді.

Осылайша, көлік тасымалы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 19 қаңтардан бастап автобустар қайтадан жолға шығады.

"Ташкент" автовокзалынан рейстер Мәскеу, Алматы және Астанға қатынайтын болады. Төменде Ташкенттен шығатын халықаралық бағыттар тізімі көрсетілген:

Ташкент – Мәскеу - 12:00, билет - 1 011 000 сум (41 553 теңге);
Ташкент – Алматы - 16:00, билет - 200 000 сум (8 220 теңге);
Ташкент – Астана - 16:00, билет - 361 000 сум (14 838 теңге);
Ташкент – Түркістан - 17:00, билет - 111 000 сум (4 562 теңге);
Ташкент - Қызылорда - 18:00, билет - 161 000 сум (6 617 теңге);
Ташкент – Алматы - 18:00, билет - 200 000 сум (8 220 теңге);
Ташкент – Бішкек - 18:00, билет - 261 000 сум (10 727 теңге).