16 наурыздан бастап Өзбекстан шетелдік туристер үшін өз шекараларын ашты. Соның ішінде Өзбекстан тарапынан шекарадағы барлық жерүсті өткізу пункттері арқылы Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарын еркін өткізу бойынша барлық шектеулер алынып тасталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Республикалық комиссияның шешімімен коронавирус инфекциясына қарсы вакцина төлқұжаты болған жағдайда, барлық адамдар ПЦР-сынағынсыз кіре алады. Коронавирусқа қарсы екпе алмаған адамдар мерзімі 72 сағаттан аспайтын электрондық QR-коды бар теріс ПТР тестінің нәтижесінің болуы немесе шекарадан өткен кезде, яғни Өзбекстан Республикасының аумағына келген бетте жедел тест тапсыруы тиіс.
Осыған дейін Өзбекстан Қазақстанмен шекарада екі елдің азаматтарына өтуіне тыйым салған еді. Алайда әуебайланыс сақталған.