Өзбекстан асханасы: турист қандай тағамның дәмін татуы керек

Өзбекстанда гастрономиялық тәжірибені түбегейлі кеңейтуге болады. Бұл елде бір палаудың жүзден аса түрі бар. Сонымен қатар, мәнті, самса, қозы еті, халва, нанның түр-түрі және тағы басқа дәмді тағамдар бар. АТОР сайты Орталық Азия елі бойынша дәмді мәзір әзірледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Егер сіз интернеттен Өзбекстанның суретін іздесеңіз, онда алдыңыздан палаудың суреттері міндетті түрде шығады. Палау - өзбек мәдениетінің бір бөлігі, елдің басты аспаздық өнерінің көрінісі. Ол туристерді Өзбекстанға келуге ынталандыра алады.

Фото: pixabay.com

Өзбекстанда дастарқанға палау таңертең және түсте қойылады. Кешке -сорпа, барбекю, халва.

Әр қалада, тіпті әр мейрамхана мен дәмханада палаудың дәмін татып көру керек. Көптеген рецепт бар – қой еті немесе бөдене, бұршақ немесе кептірілген жемістер, сары сәбіз немесе қызыл, түрлі дәмдеуіш немесе тек бұрыш қосылған. Ең танымал Ферғана, Самарқан, Бұхара және Ташкент пісіру әдістері.

Самарқан палауы үшін, мысалы, ет үлкен кесектерге кесіліп салынса, Бұхарада кептірілген жемістер қосылады. Күріштің орнына айва, долма, бидай қосылған палау бар.

Өзбек палауының алғашқы рецептерінің бірі Ферғана алқабында пайда болды. Онда өзбек палауының классикалық нұсқасы дайындалады – "девзира" күріш сортынан Шайхана деген түрі бар. Ол Ташкент облысында да таралған. Палауды дайындау шеберлігі үнемі жетілдіріліп отырады. Өзбекстанда жыл сайын аспазшылар арасында палау дайындаудан жарыстар ұйымдастырылады.

Самса және мәнті

Самарқандағы Сиаб базарында шпинат қосылған теңдесі жоқ пирогтар, манты және, әрине, аты аңызға айналған Самарқанд торттары дайындалады. Мұнда гумма - қуырылған бәліштер де сатылады.

Ферғана алқабында өте дәмді мәнті әзірленеді, ал Ферғана облысының Қоқан қаласында дайындалған самсаға теңеу табу қиын.

Бұхара тұрғындары тандырда пісірілген жас қозының еті - шербоз пісіреді.

Фото: pixabay.com

Тәтті мен шай

Егер Өзбекстанда жүрген саяхатшы тәттінің дәмін көргісі келсе, оған халва ұсынылады - күнбағыс немесе күнжіт тұқымынан жасалған қант, ұн немесе жаңғақ қосылған халва, жержаңғақ, какао ұнтағы, пісте немесе шоколад пен ваниль қосылған сүтті халваның дәмін көруге болады. Кез келгенін таңдаңыз - әрқайсы ерекше дәмді.

Фото: pixabay.com

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.