"Өте сүйкімді және күлкілі трюк". Бортсеріктің суреті жұртты таңғалдарды

Белгісіз әуекомпанияның бортсерігі ұшақ бортында ерекше трюк жасап, желідегі жанкүйерлерін таңғалдырды. Оның суреті Instagram желісінде экипаж мүшелерінің өміріндегі оқиғаларды баяндайтын @flight_love аккаунтында пайда болды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Суретте қыздың жүк сөресінен ұстап, басын төмен қаратып жымиып тұрғанын көруге болады. Сонымен қатар, ол бортсеріктердің классикалық формасын - қысқа қара көйлек киген.

Желі пайдаланушылары оның әрекетіне сүйсініп, пікір қалдырды.

"Қандай керемет қыз және киіме де жарасып тұр", "Ұшу кезінде бортсеріктер мұндайды ешқашан көрсетпейтіні өкінішті", "өте сүйкімді және күлкілі трюк", - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от aviation love (@flight___love)