Отбасылық жағажай демалысы үшін үздік бағыт аталды

InsureMyTrip сақтандыру компаниясының сарапшылары Дубайды отбасылар үшін 2022 жылғы үздік жағажай бағыты деп атады. Бұл туралы АТОР сайты жазады.

Әмірлік таза жағажайлар, балалар мәзірі мен ойын-сауық бар отбасылық қонақүйлер, сондай-ақ қауіпсіздік пен экологияның жоғары деңгейінің арқасында рейтингті басқарды.

Балалары бар туристерге әйгілі Палм-Джумейра аралындағы Rixos Palm Dubai қонақүйіне назар аудару ұсынылды. Ол "ультра бәрі қосылған" қағидаты бойынша жұмыс істейді. Отбасылық демалыстарға жарамды басқа қонақүйлердің тізіміне Lupita Hotel, LEGOLAND Hotel, Park Rover at, Atlantis Palm және Westin Dubai Mina Seyahi Beach Resort & Marina кірді.

Дубайда балалармен демалуға ашық ауада көптеген орын: аквапарктер, ойын-сауық парктері, ботаникалық бақ, болашақтың интерактивті мұражайы немесе шөлдегі сафари бар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!