Осы қыста Арменияның қандай тау шаңғысы курорттарына баруға болады?

© pixabay.com

Армения курорттарында шаңғы тебуге, мәдениетімен танысып, ғажайып тау көріністерін тамашалауға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі осы елдегі ең жақсы тау шаңғысы курорттарының жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Армения курорттарында шаңғы тебуге, мәдениетімен танысып, ғажайып тау көріністерін тамашалауға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі осы елдегі ең жақсы тау шаңғысы курорттарының жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

Армения Кавказдағы ең таулы ел болып саналады. Аумағының 91 пайызын таулар құрайды, олардың биіктігі 1000-2000 метрге жетеді. Оның үстіне бұл елде қыста қар көп жауады, мұнда шаңғы тебу бір ғанибет.

Реклама
Реклама

Арменияда туристер арасында ерекше танымал бірнеше тау шаңғысы курорты бар: Цахкадзор, Джермук, Севан. Олар туралы толығырақ баяндаймыз.

Цахкадзор - Армениядағы тау шаңғысы курорты, Кеңес дәуірінен бері сақталған. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіби спортшылар жаттығады.

Курорт Танегиз тауының көркем беткейінде, 1840 метр биіктікте, француз Куршевель курортының шаңғы станциясынан небәрі 10 метр төмен жерде орналасқан. Цахкадзор туристерге ыңғайлы Еревандағы Звартноц халықаралық әуежайынан 50 шақырым жерде орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дашик Захарова (@dashik_zaharova)

Бұл жерлерде қыс жұмсақ, әрі жылы. Сонымен қатар қар мол жауып, қалыңдығы 1,40 метрге дейін қалың қар жамылғысын түзеді. Шаңғы маусымы қарашаның ортасынан сәуірдің ортасына дейін созылады. Қыстың орташа температурасы -6 °C.

Шаңғы алаңы шамамен 1970-2820 метр, беткейлердегі биіктік айырмашылығы 850 метр, барлық жолдардың жалпы ұзындығы 30 шақырымнан астам, ең ұзын шаңғы жолы 8 шақырым.

Шаңғы курорты үш бөлімнен тұрады. Жоғарғы бөлігінде 1000 метрлік орындық көтергіші бар қара жолдар бар. Келесіде тыныштықта шаңғы тебуді ұнататын туристерге арналған ортаңғы бөлім орналасқан. Мұнда орындық көтергіштің ұзындығы 800 метрді құрайды. Төменгі бөлікте туристер кәсіби нұсқаушылармен бірге жұмыс істеп, өз шеберліктерін көрсете алатын жолдар қарастырылған. Орындық көтергіштің ұзындығы 9000 метрді құрайды. Жолдарда шамдар жоқ, сондықтан олар 9:00-де ашылып, күн батқанша жұмыс істейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГОРНОЛЫЖНЫЕ ТУРЫ В ГРУЗИЮ,АРМЕНИЮ (@placedaystravel)

Таяқ, етік және шаңғыдан тұратын шаңғышыға арналған жиынтық шамамен 5000 теңге тұрады. Сноуборд пен етік - күніне 8000-10 000 теңге. Көзілдірік бөлек төленеді - 2000 теңге. Дулығаны жалға алу - 2000 теңге. Жолдарда нұсқаушылар жұмыс істейді, олардың қызметінің бағасы сағатына 10 000 - 15 000 теңгені құрайды.

Көтергіш билетінің бағасы - 1800 теңге. Келушілерге пластикалық карта түрінде шаңғы билетін сатып алу ұсынылады. Ол шамамен 2000 теңге тұрады. Баурайларға бару және шаңғы тебу үшін 1 күндік картаны 10 000 теңгеге толтыру қажет. Бірнеше күн бұрын толтырсаңыз, баға төмендейді. Тұру шарттары мен бағасы туралы сайттан білуге болады.

Джермук - Арменияның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі қала, онда осы аттас тау шаңғысы курорты орналасқан. Ең жоғары биіктігі теңіз деңгейінен 2100 метр. Бұл жердің басты артықшылығы туристер шаңғымен қатар, минералды су көздеріне де бара алады.

Джермук туристерге жалпы ұзындығы 2700 метр болатын екі жол ұсынады. Оның бірі жаңадан бастаушыларға арналған, 1400 метр. Екіншісі - кәсіпқой шаңғышыларға арналған, 1300 метр. Жалпы, мұнда айырмашылықтар өте аз, 400 метрден аспайды.

Бір күндік шаңғы билеті шамамен 7000 теңге тұрады. Көтергіш билеті 1100 теңге тұрады. Таудың ұшар басында туристер ыстық сусындар, фастфуд және ұлттық тағамдар ұсынатын дәмханаға бара алады. Шаңғы тебуге арналған толық жабдықтың бағасы 7000 теңге, сноубордқа 1200-1500 теңгені құрайды.

Джермук қаласында тек шаңғы тебуге ғана емес, сонымен қатар жергілікті көрікті жерлерге де баруға болады. Мысалы, теңіз деңгейінен 2000 метр биіктіктегі сарқырама, Арпи шатқалы, Гндеванк ежелгі шіркеуі. Қаланың басты көрікті жерлерінің бірі - минералды сулар галереясы. Айтпақшы, көптеген адамдар Джермукты отбасылық демалыс орны ретінде ұсынады, өйткені курорттық қала өте тыныш және әдемі, барлар мен дискотекалар жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Jermuk Hotel & SPA (@jermukhotelspa)

Севан қаласындағы тау шаңғысы курорты Армениядағы басқа курорттардан әлі де төмен, бірақ мұнда жақсы инфрақұрылым бар. Қала теңіз деңгейінен 1900 метр биіктікте орналасқан және климаттық жағдайы қатал, қысы ұзақ, суық және ылғалды. Қала маңында көптеген су көздері бар, оларға туристер де келе алады.

Курорт туристерге жұмсақ және тік беткейлері бар түрлі соқпақтарды, балаларға арналған бөлек соқпақтарды, екі шақырымдық серпантинді және 1,2 шақырымдық "қара" жолды ұсынады. Биіктік айырмашылықтары 400 метрден аспайды. Севанда шаңғы мектебінде жаттығу ұсынылады. Мектеп таудың ең басындағы беткейлерге жақын орналасқан "Ахтамар" курорттық қонақүйінде орналасқан.

Күнделікті пластикалық картаның құны - 4600 теңге. Жалға алу пунктінде шаңғы, көзілдірік және басқа да жабдықтарды 5000 теңгеге жалға алуға болады. Туристерге тек күндізгі шаңғы жолақтары ұсынылады. Аспалы жол таңғы сағат 10-да ашылып, кешкі сағат 17.00-де жабылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ilemekhov (@i.lemekhov)

Севан қаласының ең турсит көп жері - жағалауы. Мұнда қонақүйлердің саны өте көп. Туристерге заманауи қонақүйлерде жайлы бөлмелер ұсынылады. Барлығында кең бассейн, жергілікті тағам ұсынылатын дәмханалар бар. Туристерді қызықтыратын басқа да орындарға мұражайлар, ботаникалық бақ және өлкетану мұражайы жатады. Бұл орындардың көбісіне кіру тегін.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная