Осы жазда демалушылар көптеп ағылған туристік орындар аталды

© pixabay.com/Hans

2023 жылы жазда демалуға болатын ең жақсы бағыттар аталды, бірінші ондыққа бірден еуропалық 6 шаһар кіріп отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылы жазда демалуға болатын ең жақсы бағыттар аталды, бірінші ондыққа бірден еуропалық 6 шаһар кіріп отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

SchengenVisaInfo.com мәліметінше, ForwardKeys сараптамалық компаниясы биыл жазға әлемнің ең танымал 100 бағытын жариялады.

Компания есебі әлем бойынша таңдаулар COVID-19 салдарынан өзгеріске ұшырағанын көрсетіп отыр.

Реклама
Реклама

"Жаз келісімен пандемия әсері ерекше мәнге ие, өйткені адамдар өздерін қауіпсіз сезініп, жылы айлардан ләззәт алғысы келеді", - деп береді зертету қорытындысын мәлімет көзі.

1,1 миллиард іздеу сұраныстарын саралай келе, осы жаздағы ең көп таңдалған бағыт Бангкок болып шықты, бұл қала үш саты жоғарылап, Парижді екінші орынға ығыстырды.

Дегенмен тізімде жалпылай еуропалық бағыт ең көп таңдалатын болып қала береді.

100 баллдық көрсеткіш бойынша ең жақсы 20 бағыт мынадай:

  1. Бангкок – 100;
    2. Париж – 73;
    3. Лондон – 72;
    4. Денпасар (Бали) – 69;
    5. Барселона – 68;
    6. Нью-Йорк - 61;
    7. Лиссабон – 54;
    8. Ыстамбұл – 52;
    9. Мадрид – 52;
    10. Афины – 51;
    11. Пальма-де-Майорка – 48;
    12. Сингапур – 46;
    13. Токио – 45;
    14. Куала-Лумпур – 45;
    15. Амстердам – 44;
    16. Копенгаген – 42;
    17. Лос-Анджелес – 42;
    18. Рим – 39;
    19. Манила – 34;
    20. Франкфурт – 34.

Былтырғы жылмен салыстырғанда Азия және Аустралия қалалары көбірек танымал бола бастапты, былтыр ғана бұл шаһарларға саяхат пандемия салдарынан қиынға соғатын еді. Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная