АҚШ-та ер адам Орегондағы жабайы орманда 17 күн түнеп, аман қалды. Бұл туралы ABC News жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
69 жастағы Гарри Берли 6 мамырда балық аулауға кеткеннен үйіне оралмаған. Оның көлігі 8 мамырда табылды. Іздестіру жұмыстарын жүргізген құтқарушылар ол паналаған "үйшіктердің" қалдықтарын ғана тауып алды. Сөйтіп олар америкалықтың ізімен жүрді. 23 мамырда түстен кейін ер адам осындай "үйшіктердің" бірінен табылды.
Жергілікті биліктің айтуынша, табылған кезде Берлидің жағдайы жақсы болған, бірақ жүруге қиналған. Ер адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!