Орман өрті Грекияның Родос аралын шарпыды

Жексенбі сағат 12-де Пантанасса ауданында пайда болған өрт бірнеше сағат ішінде бірнеше шақырымды шарпыды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Табиғи апатты жоюмен айналысатын өрт сөндіру бригадалары пайда болған жалын ошақтарын оқшаулауға тырысты. Грекия ақпарат құралдарының мәліметінше, билік отқа жақын орналасқан бірнеше елді мекенді эвакуациялау туралы шешім шығарды.

Реклама
Реклама

Қазір ерекше қорық және аралдың туристік көрікті жерлерінің бірі болып саналатын Көбелектер алқабына баратын өрт тоқтатылды.

Алайда өрт сөндіру мамандары түйеқұс фермасын өрттен құтқара алмады. Ферма түгел дерлік өртеніп кетті, ал түйеқұстарды шұғыл түрде эвакуациялауға тура келді.

Аралдың әртүрлі бөлігіндегі қонақүйлерде туристер жарықтың сөнуіне және судың тоқтап қалуына шағымданды.

Жергілікті коммуналдық қызметкерлер ақауларды жою үшін қолдан келгеннің бәрін жасады және дүйсенбі кешке көптеген ауданда жағдай қалыпқа келді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!