Өміріңізде бір рет болса да барып көруі керек 15 қала аталды

© pixabay.com

Туристер арасында танымал америкалық Conde Nast Traveller журналы жыл сайынғы "Оқырман таңдауы" нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Туристер арасында танымал америкалық Conde Nast Traveller журналы жыл сайынғы "Оқырман таңдауы" нәтижесін жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Осы нәтижеге сәйкес саяхатшылар әрбір адам өмірінде бір рет болса да барып көруі керек 15 қаланы атады. Рейтинг құрастыруға 128 мыңнан аса адам қатысты.

Рейтингте бірінші орынды Италияның Флоренция қаласы иеленді. Тосканадағы Арно өзенінде орналасқан Флоренция өз уақытында Медичи герцогтарының астанасы болған. Бұл өнер атаулының барлығының отаны. Бұл қала әлемге Леонардо да Винчи, Микеланджело, Данте және Галилей сияқты титандарды берді. "Екінші Рим" аталатын бұл қала рейтингте сенімді түрде бірінші орында тұр. Үздік үштікке тағы екі еуропалық қалалар енген: Будапешт және Вена.

Реклама
Реклама

Рейтингтегі толық тізім мынадай:

15-орын - Токио, Жапония
14-орын - Барселона, Испания
13-орын - Венеция, Италия
12-орын - Зальцбург, Австрия
11-орын - Иерусалим, Израиль
10-орын - Лондон, Англия
9-орын - Киото, Жапония
8-орын - Брюгге, Бельгия
7-орын - Прага, Чехия
6-орын - Рим, Италия
5-орын - Париж, Франция
4-орын - Сидней, Аустралия
3-орын - Вена, Австрия
2-орын - Будапешт, Венгрия
1-орын - Флоренция, Италия

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная