Өмір бойына туристік банмен жазаланған адамдар жайлы 5 оқиға

© pixabay.com/RonPorter

Шетелде жүріп айыппұл арқалау таңғаларлық жағдай емес: қоқысты жәшіктен тыс тастап қоюыңыз мүмкін, жағажайда тым қатты шулап кетуіңіз немесе жергілікті бір заңды білмей қалуыңыз да ықтимал. Ал енді белгілі бір елге мүлде кіруге тыйым салуға дейін жеткізу үшін шектен шығу керек шығар.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шетелде жүріп айыппұл арқалау таңғаларлық жағдай емес: қоқысты жәшіктен тыс тастап қоюыңыз мүмкін, жағажайда тым қатты шулап кетуіңіз немесе жергілікті бір заңды білмей қалуыңыз да ықтимал. Ал енді белгілі бір елге мүлде кіруге тыйым салуға дейін жеткізу үшін шектен шығу керек шығар.

Туризм саласының сарапшылары осындай бірнеше оқиғаны баяндап берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Биікке өрмелеу

Реклама
Реклама

Елден шығарылып, қайта кіруге өмір бойына тыйым салынғаны туралы ең белгілі оқиға Мысырда болды. Германия азаматы "ешкімде жоқ" сурет түсірмек болып, Хеопс пирамидасының ең шыңына шығып кетеді. Билік өкілдері мұны ежелгі құндылықтарға құрметсіздік деп танып, елге мүлде кірмейтіндей етеді. Ер адам үш жылға сотталып кетуі де мүмкін еді.

Ойын-сауық

2023 жылы Индонезияда 41 және 27 жастағы ресейліктер ойын-сауық кешіне есірткіге мас күйінде барған. Полиция анықтағандай олар өте ауыр есірткі қолданған. Ел билігі бұл демалушыларды елден шығарып, қара тізімге енгізген екен.

Салдары бар фотосессия

2021 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде украиналық 11 бұрымды фотосессияға қатысамын деп, елден шығарылды да, туристік банға ілікті. Сөйтсе олар сессияны жалаңаш өткізіпті, ал ол жергілікті заң бойынша қылмыс саналады. Алайда оларды соттаған жоқ, тек елден шығарды да, қайта кірместей етті.

Фотографтың ерлігі

Солтүстік Корея - әлемдегі ең жабық елдердің бірі. КХДР-дегі күнделікті өмір туралы айтқан, оны көрсетуге тырысқан адам елге кіру құқынан мәңгі айырылады. Мәселен, франциялық фотограф Эрик Лафорг алдымен ешкімге білдірмей Солтүстік Корея тұрғындарын, оның ішінде әскерилерді де суретке түсіріп, оларды елден білдірмей алып шығып, кейін жариялаған екен.

Немен айналысасыз?

Англиялық бойжеткен АҚШ-қа кірмей жатып туристік бан алды. Ол елге виза алу үшін сауалнама толтырып жатқанда "табыс көзі" деген жерге VRChat ойынында эротикалық шоуға қатысатынын жазыпты. Құрама Штаттардың билігі мұны жезөкшелікке тең деп бойжеткенге АҚШ-қа кіруге мәңгі тыйым салды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная