Өлім алқабында жанармайсыз қалған турист қайтыс болды

Көрнекі сурет: Тourprom

Америкалық өлім алқабы табиғи паркінде турист қайтыс болды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, туристің көлігіне жанармай таусылып, жанармай құю бекетіне жетуге тырысып, +50 градус ыстықта жолға шықты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық өлім алқабы табиғи паркінде турист қайтыс болды. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, туристің көлігіне жанармай таусылып, жанармай құю бекетіне жетуге тырысып, +50 градус ыстықта жолға шықты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Туристің көлігін Өлім алқабы ұлттық саябағының рейнджері тапты. Ол күннің шығуы мен батуын тамашалайтын танымал орын Забриски-Пойнтта үш күн қозғалыссыз тұрған. Нәтижесінде рейнджер оны тексереді және туристің көліктің "жанармайсыз" екені туралы жазбасын табады. Содан кейін туристі іздеу басталады, бірақ кеш болады.

Марқұм - отставкадағы теңіз офицері Дэвид Келлехер көлігінен екі мильден астам жерде және 190 Калифорния тас жолынан 30 фут қашықтықта өлі күйінде табылды.

Реклама
Реклама

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная