Ниццаға ұшқан ұшақтың бортында адам қайтыс болғанын ешкім аңғармаған

© pixabay.com/sjr4x4

Лондоннан Ниццаға ұшқан British Airways әуекомпаниясының рейсінде 73 жастағы жолаушы қайтыс болды, алайда оның жан тапсырғанын ешкім аңғармаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Лондоннан Ниццаға ұшқан British Airways әуекомпаниясының рейсінде 73 жастағы жолаушы қайтыс болды, алайда оның жан тапсырғанын ешкім аңғармаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Егде жастағы әйелге бірдеңе болғаны туралы тек борттың қонған кезінде, жолаушылар қол жүктерін алу үшін қозғалған сәтте сезілген. Үшу кезінде зейнеткер орындықта отырып, еш қозғалмаған. Адамдар оны ұйықтап жатыр деп ойлап, тұрғызбақ болған. Алайда әйел еш қозғалмаған соң бортсеріктерді шақырған.

Стюардессалар дереу бортқа жедел әрекет ету қызметкерлерін шақырған. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде оның қайтыс болғанын тіркеген. Олар жансақтау әрекетін жасаған, алайда одан нәтиже шықпаған.

Реклама
Реклама

Болжаммен, ол жүрек талмасынан қайтыс болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная