Ниагара паркінде туристер үшін электр станциясы ашылады

Онтариода 3 қыркүйектен бастап туристер үшін жаңа аттракцион - Ниагара сарқырамасының су электр станциясы ашылады. Бұл туралы Travel Daily News порталы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, бірегей құрылыс әлемдегі пайдаланудан шығарылған және толық сақталған жалғыз су электр станциясы болып саналады. Оның құрылысы 1905 жылы аяқталды. Инженерия мен сәулет саласындағы тарихи жетістік болды және 2006 жылға дейін жұмыс істеді.

Фото: traveldailynews.com

Қазір күндізгі экскурсиялар ашық. Туристер гидроэнергетика тарихы туралы интерактив экспонаттар мен қондырғылар арқылы таныса алады.

Қыркүйекте жаңа бағдарлама - түнгі инновациялық шоу басталады: қонақтар электр станциясының турбиналары арасына түседі.

"Біз келушілерді Онтарионың өнеркәсіп тарихы мен мұрасының осындай қызықты бөлігімен таныстыруды асыға күтеміз", - деді Ниагара парк комиссиясының бас директоры Дэвид Адамес.

Электр станциясына экскурсиялар Ниагара мен Онтарио туризмін қалпына келтіруге көмектеседі деп күтілуде.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!