Непалда алты адамы бар тікұшақ Эверест маңында жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, Солухумбу ауданынан Катмандуға бет алған Manang Air тікұшағы сейсенбіде ұшып шыққаннан кейін 15 минуттан соң байланыс үзілген.
Үкіметтегі дереккөз мәліметінше, тікұшақта бес шетелдік турист және непалдық ұшқыш болған.
Реклама
Реклама
Ресми өкілдердің мәліметінше, жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстары жүріп жатыр екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!