Непалда шетелдіктерге гидсіз саяхаттауға тыйым салынады

Непалдың туризм бойынша кеңесі шетелдіктерге гидсіз саяхаттауға тыйым салды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Online Khabar басылымына сілтеме жасап. Бұл шешім 1 сәуірде күшіне енеді.

Билік өкілдерінің ойынша, гидтің көмегі турды қауіпсіз етеді. Кейінгі жылдары осы елде туристердің із-түссіз жоғалып кетуінің бірнеше жағдайы тіркелгені айтылады. Сонымен қатар, жергілікті экскурсоводтар кепілді жұмыспен қамтылатыны ескеріліп отыр.

Сондай-ақ, топ болып саяхаттаушыларға TIMS картасының ақысын екі есе қымбаттату (24 долларға дейін) шешімі қабылданған. Бұл құжат туристерді трекинг кезінде бақылауға мүмкіндік береді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!