Непалда жолаушылар ұшағымен байланыс жоғалды

Непалдың авиациялық қызметтері 22 адамнан тұратын Tara Air ұшағымен байланысын жоғалтты. Бұл туралы ANI хабарлады.

Бортта 19 жолаушы және экипаждың үш мүшесі бар екені белгілі. Жолаушылар арасында Непал, Үндістан азаматтары және Германияның екі азаматы бар. Ұшақ Покхара әуежайынан ұшып, бірнеше минуттан кейін радардан жоғалған.

Қазір мамандар әуекемесін іздеп жатыр. Екі жеке тікұшақ пен Непал әуекемесінің Ми-17 тікұшағы іздестіруге жіберілді, деп атап өтті Қорғаныс департаментінің өкілі Нараян Силвал.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!