Непал мен Пхукет туристерді қабылдауға дайын

Таиланд билігі Пхукеттің туристерді қабылдауға 100 пайыз дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily-ке сілтеме жасап.

Енді шетелдіктер Таиландқа 270 күн үздіксіз болуға мүмкіндік беретін арнайы туристік виза алу арқылы жете алады. Сонымен қатар, визаға ие болған туристерге елге кірерде 14 күндік карантиннен өтуі керек.

"Пхукет халықаралық әуежайы арнайы туристік визалары бар туристерді қабылдауға және коронавирустық тесттен өткізуге 100 пайыз дайын. Арнайы көліктерге негізделген сынақ зертханасы мен жылжымалы зертханалар күніне 578 адамды тексеруден өткізуге мүмкіндік береді", - деді Тайландтың көлік министрі Саксаям Чидчоб.


© Shutterstock

Таиланд билігі туристерді бақылаудың жолын тапты

Қазірдің өзінде 17-ге жуық қонақүйдің санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкестігі тексерілді. 1900 қонақ бөлмесін брондауға болады, ал Таиланд үкіметі туристер үшін кем дегенде 5000 қонақ бөлмесін дайындауды жоспарлап отыр.

Непал да шетелдік туристерді қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл елдің шекаралары 17 қазанда ашылды, бірақ жақында ғана туристерге тау шыңдарына серуендеуге рұқсат етілді. Енді көтерілу үшін 10 треккингтік бағыттар ашылды: Канченджунга, Джомолунгма базалық лагері, Марди Химал, Мананг, Мустанг, Долпа, Хумла, Манаслу, Хеламбу және Раби Вэлли алқабы.


© Shutterstock

Непал билігі санитарлық және қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Альпинистер сапарға шықпас бұрын коронавирусқа теріс анықтамасын, сапарға деген рұқсат қағазын және қонақүйдің мекен-жайын ұсынуы керек.

Гарвард университетінің ғалымдары ұшақпен ұшуды пандемия кезінде дүкендерге барудан әлдеқайда қауіпсіз екенін анықтады. Зерттеулер көрсеткендей, әуе кемесіндегі желдету ауаның циркуляциясына ықпал етеді. Бұл дегеніміз, ұшақ бортында коронавирусты жұқтыру қаупі сауда жасау немесе мейрамханаға барудан әлдеқайда төмен.

Мачу-Пикчу, Пхукет және Бали. Пандемиядан кейін демалу үшін тиімді бағыттар аталды