Мысырдағы жаңа ақша туралы туристерге ескерту жасалды

Фото ©Shutterstock

Қарашада Мысыр фунтының жаңа купюралары айналымға шығады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарашада Мысыр фунтының жаңа купюралары айналымға шығады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Мысырдың Орталық банкінің хабарламасында қарашаның басында номиналы 10 және 20 мысырлық фунт болатын жаңартылған банкноттар айналымға енеді деп жазылған.

Реклама
Реклама

Банкноттардың дизайны өзгеріссіз қалады, бірақ олардың түпнұсқа екенін растайтын голографиялық кемпірқосақ белгісі пайда болады.

Банкноттар полимерлі материалдардан жасалады. Осының арқасында олардың қызмет ету мерзімі үш есе артады.

Сонымен қатар, жаңа банкноттар жалған және вандализмнен жақсы қорғалған болады. Қазір ақшаға жазуға болады, ал жаңа банкнотқа ештеңе жаза алмайсыз.

Туроператорлардың айтуынша, Мысырдың дүкендерінде, дәмханаларында, мейрамханаларында және басқа да мекемелерінде сіз тек Мысыр фунтымен ғана емес, доллар және еуромен де төлей аласыз.

Сондай-ақ, барлық жерде дерлік төлем үшін банк карталары қабылданады. Егер туристерге мысырлық фунт қажет болса, онда оларды көптеген қонақүйде орналасқан банкоматтар мен айырбастау пункттерінде оңай ауыстырады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная