Мысырда туристерге таласқандар жаппай төбелесті

© elements.envato.com/drazenphoto

Мысырдың Хургада қаласында турситерге таласқан жергілікті тұрғындар жаппай төбелесіп, онда жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың Хургада қаласында турситерге таласқан жергілікті тұрғындар жаппай төбелесіп, онда жеті адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Төбелес кафе қызметкерлері мен көршілес көлік жуу жұмысшылары арасында болған екен. Жергілікті БАҚ мәліметінше, басында кафе қызметкері көлік жуу жұмысшысымен жанжалдасқан. Олар өз аумағын кеңейтіп, кафенің терезесі алдында мотоциклдерді жуа бастаған екен. Көлікті көрінген жерде жуу Мысырда сирек кездесетін құбылыс емес, тек мұндай жағдай кафеге келушілердің бетін қайтаратыны анық еді. Осы себепті екі арада жанжал туады.

Осылайша, сөзден сөз шығып, оның арты төбелеске айналды. Алдымен кафе қызметкерлері көлік жуушыларды сабайды, артынша көмек шақырып келген көлік жуушылар кафе қызметкерлеріне тас жаудырған. Абырой болғанда ауыр жарақат алған ешкім жоқ, төбелескендердің денесі сырылып, жырылған екен. Полиция ажыратып алған.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная