Мысырда туристерді тіркеу үшін жаңа сайт ашылды

Фото: pixabay.com

Мысырда туристерге арналған электронды платформаның қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. Онда вакцина паспорттарын немесе санитарлық бақылауды тездету үшін ПТР-тестерін тіркеуге болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысырда туристерге арналған электронды платформаның қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. Онда вакцина паспорттарын немесе санитарлық бақылауды тездету үшін ПТР-тестерін тіркеуге болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

visit egypt.gov.eg порталында сапар басталғанға дейін кемінде екі күн бұрын денсаулық туралы декларацияны толтырып, вакцина немесе коронавирусты тестілеу туралы ақпаратты көрсете отырып, электронды тіркеуден өтуге болады. Сауалнаманы толтыру және санитарлық карантин қызметкерлерінің қарау нәтижелері бойынша туриске QR-код келеді. Бұл QR-кодты ұялы телефоныңызда цифрлдық нұсқада сақтау немесе оны басып шығару керек. Кейін оны Мысырға ұшар алдында әуекомпаниялардың өкілдеріне, сондай-ақ елге кіру кезінде Мысырдың тексеруші органдарына көрсету қажет.

Реклама
Реклама

Наурыздың басында visit egypt.gov.eg порталы сынақтан өтті. Мысырдың Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпаратына сүйенсек, электронды платформа 10 сәуірден бастап іске қосылды. Ол үш тілде: ағылшын, араб және орыс тілінде қызмет көрсетеді. Айта кетейік, сайт үзіліссіз жұмыс істейді, ол өте баяу жүктеледі.

Сонымен қатар, Мысырға денсаулық жағдайы туралы қағаз сауалнамамен кіре аласыз. Ол ұшақтың бортында немесе әуежайға келген кезде толтырылады. Яғни, турист: QR-кодпен Мысырға кіру үшін әуежайда санитарлық тексеруден тезірек өту немесе қолмен қағаз сауалнаманы толтыруды таңдай алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная