Мысырда туристер үшін екі жаңа курорттық қала салынады

"Жаңа Мысыр" тұжырымдамасы аясында ел туристерге жаңа курорттар ұсынады. Бұл туралы елдің туризм және ежелгі министрі Халед Әл-Анани мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оның айтуынша, жаңа курорттық қалалар туристерге заманауи жайлылық пен жаңа танымал қонақүйлер ұсынады. Сондай-ақ, ескі және жаңа курорттардың көліктік қолжетімділік жүйесін жетілдіру жоспарланып отыр.

"Алдағы бірнеше ай ішінде біз екі жаңа туристік қаланы ашуды жоспарлап отырмыз. Бірінші курорт Каирден шамамен 100 км қашықтықта, Қызыл теңізге жақын болады. Аль-Галаля деп аталатын бұл жаңа курорт туристерге әртүрлі яхтаға арналған жаңа Маринаны ұсынады. Сондай-ақ, бірнеше айдан кейін Александрия маңындағы Жерорта теңізінің жағалауында жаңа Аль - Аламин қаласы ашылады", - деді министр.

"Известия" мәліметінше, министрлік осы туристік аймақтар мен қалаларды әртүрлі тәсілмен: арзан әуе желілері, ұшу бағдарламалары, жылдам жолдар, темір жолдармен байланыстыруды жоспарлап отыр. 

"Басты мақсат - туристерге осы қалаларға барып, бірнеше рет келуге мүмкіндік беру", - деді министр.

Сонымен бірге, оның айтуынша, ол Мысыр курорттарындағы эпидемиологиялық жағдайды  "өте жақсы" деп санайды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!