Мысыр билігі шетелдік туристер үшін Tax Free жүйесін іске қосуды жеделдетіп жатыр. Бұл туралы АТОР сайтында жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Мысырдың министрлер кабинеті Global Blue Egypt ұлттық компаниясын құруды мақұлдады. Оның дүңгіршектерін елдің халықаралық әуежайларында ашуды жоспарлап отыр. Жүйені іске қосудың ресми мерзімі әлі белгісіз, бірақ Мысыр сарапшылары пилоттық жоба Шарм-эш-Шейхте 2022 жылдың қараша айында басталады деп санайды.
Туристерге ҚҚС қайтару стандартты халықаралық схема бойынша жүзеге асырылатыны атап өтілді. Елден кетер алдында сіз Tax Free арнайы дүңгіршектеріне жүгінуіңіз керек, онда 1500 мысырлық фунт құнымен сатып алған тауар үшін ақша ала аласыз.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!