Мысырда тағы 19 қонақүй ашылады

© shutterstock

Мысырдың туризм және көне заман министрлігі алдағы жылдары 19 қонақүй кешенін салып, іске қосуды жоспарлап отыр. Соның арқасында қонақүйлердің туристерді қабылдауы 3000 жаңа нөмірмен толығады. Бұл қонақүйлердің көпшілігі Мысырдың курортты аймақтарында салынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысырдың туризм және көне заман министрлігі алдағы жылдары 19 қонақүй кешенін салып, іске қосуды жоспарлап отыр. Соның арқасында қонақүйлердің туристерді қабылдауы 3000 жаңа нөмірмен толығады. Бұл қонақүйлердің көпшілігі Мысырдың курортты аймақтарында салынады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, осыған дейін қонақүйлер Қызыл теңіз және Оңтүстік Синайда яғни Хургада, Шарм-эль-Шейхте қонақүйлер ашылған. Бұл аймақтар туристер арасында өте танымал. Ал жаңадан ашылатын қонақүйлер Гиза, Суэц, Дамиетта, Мансура және Солтүстік жағалауда орналасады. Министрліктің қонақүй саласын бақылау және инспекциясының Бас басқармасының бас директоры Мохамед Амердің айтуынша, жаңа нысандар 2500 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берген. 

Мысырдағы қонақүйлердің ашылуы министрліктің тұрақты даму страгесиясы және Egypt Vision 2030 (мысырлық қонақүйлердің бәсекелестікке жарамды болуы және инвестиция тартуға лайықты болуы) аясында салынып жатыр. Министрлікке қарайтын қонақүйлерге лицензия беру мекемесінің бас директоры Мохамед Хаджадждың айтуынша, алдағы екі айда Оңтүстік Синайда, Қызыл теңізде және Каирда төрт қонақүй ашылады екен. Яғни тағы 600 қонақүй нөмірі қосылады деген сөз. 

Реклама
Реклама
TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная