Мысырда саяхатшы қыз пирамида фонында тыржалаңаш түскен

© pixabay

Мысырда демалып жүрген шетелдік турист әрі тревел-блогер пирамида алдында тыржалаңаш шешініп, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Egypt Independent.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мысырда демалып жүрген шетелдік турист әрі тревел-блогер пирамида алдында тыржалаңаш шешініп, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Egypt Independent.

Оқиға дүйсенбіде болған. Ұлты аталмаған саяхатшы Гиза пирамидалары кешенінің аумағына кіріп, фотосессия үшін тыржалаңаш шешінген. Тәртіп бұзған қыз баланы қауіпсіздік қызметінің маманы көріп қалып, түсірілімді дереу тоқтатып, киім киюін талап еткен.

Реклама
Реклама

Күзетші шетілдік туриске көпшілік орындарда киімсіз жүрген адам Мысыр заңы бойынша қудалауға ұшырайды және жергілікті халықтың дәстүрін қорлайтынын түсіндірген. Басылым мәліметінше, турист қыз жазаланбаған. Ол археологиялық аймақтан еш кедергісіз шығып кеткен.

Осы жағдайдан кейін Мысырдың Туризм және көне заман министрлігінің өкілдері шетелдік қонақтарға заңдар мен ережелерді бұзбауға шақырды.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная