Мысырда лоукостер пайда болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Pixabay Фото ©Pixabay

Мысыр үкіметі қыста Аir Sphinx бюджеттік әуекомпаниясын ашу жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.


Мысыр үкіметі қыста Аir Sphinx бюджеттік әуекомпаниясын ашу жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

Air Sphinx бюджеттік әуекомпаниясы мемлекеттік EgyptAir - дің "еншілесі" екені хабарланған. Болашақта ол ішкі және халықаралық рейстерді орындайды. Тасымалдаушы операциялық қызметті ішкі нарықта бастайды - аптасына 15 рейс орындайды, ол елдің әртүрлі аймағынан туристерді тікелей Гиза туристік нысандарына жеткізеді.

Жоспар бойынша лоукостер Каирден, Хургададан, Шарм-эль-Шейхтен, Луксордан және Гизадағы Жаңа Сфинкс әуежайынан ұшады.

Тасымалдаушы Гиза пирамидаларынан 45 шақырым жерде орналасқан және жылына 1,2 миллион жолаушыға қызмет көрсетуге арналған Сфинкс халықаралық әуежайында орналасуы керек. Сфинкс халықаралық рейстерді де, ішкі рейстерді де қабылдайды. Оның ішінде Қызыл теңіз курорттарына рейстер болады.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, бастапқыда мысырлық лоукостер флотында екі Boeing 737-800 лайнері болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel