Мысырдың Хургада қаласындағы танымал туристік променадта орналасқан қонақүйде өрт шықты. Абырой болғанда өрт дереу сөндірілген және ешкім зардап шеккен жоқ. Жергілікті БАҚ мәліметінше, атауы айтылмаған қонақүй жаңа Хургада аталып кеткен аймақтағы Эль-Мамша аумағында орналасқан.
Туристер арасында бұл жер өте танымал - соған қарағанда билік өкілдері осы өрттің салдарынан қатты қорыққан. Өрт шыққаны туралы белгілі болған сәтте оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру көлігі мен жедел жәрдем кареталары жөнелтілген.
Қуанышқа орай қосымша көмек керек болмаған: зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндірілді. Қазіргі уақытта мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!