Мысырда Жаңа патшалық дәуірінің 54 тастабыты табылды

Каир оңтүстігіне жақын маңда орналасқан Саккара қорымынан 54 ежелгі тастабыт табылды, олардың жас шамасы 3000 жылдан асады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Mirror басылымына сілтеме жасап. 

Тастабыттарды Жаңа патшалық дәуіріне жатқызды. Сонымен қатар, 4 200 жыл бұрын көтерілген Нейт ханшайымының жерлеу ғибадатханасы да анықталған. Бұл туралы Мысырдың көне заман істері бойынша министрлік жанынан құрылған ұйымның басшысы, археолог Захи Хавас айтты. 

Тастабыттар 10-12 метр тереңдікте 22 шұңқырдан жақсы күйде табылды. Сонымен қатар, археологтар мүсіндер, ойыншық қайықтар мен жерлеу маскаларын тапты. Сондай-ақ, табылған заттар тізімінде "өлгендер кітабынан" алынған төрт метрлік шиыршық бар, бұл мәтіндер өлгендерге басқа әлемде жол табуға арналған.

"Осы тапқандарымыз арқылы Мысыр және Жаңа патшалықтың тарихын қайта жазуға болады", - дейді Захи Хавас. 

Саккара Мысырдың ежелгі астанасы Мемфистің бір бөлігі. Ол 1970 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы ретінде тіркелді. 

Осы олжаның арқасында, Мысырда туризм саласын ынталандыруға мүмкіндік беретіні айтылады. 2020 жылы елге келушілер саны - 3,5 миллион адам болған, ал 2019 жылы 13,1 миллион турист келген.