Аптап ыстық Мысыр курорттарын айналып өтпеді. Хургадада көлеңкедегі ауа температурасы 38 градусқа, ал Шарм-эш-Шейхте 40 градусқа жетеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Тіпті жел туристерді өте жоғары температурада жылу соққысын алу қаупінен құтқармайды. Қонақүйлерде демалушыларға кондиционері бар бөлмелер көмектесіп жатыр, ал қызметкерлер күн сәулесінің астында, тіпті көлеңкеде де көп жүрмеу керегін үнемі еске салады. Себебі көлеңкедегі температура - 40 градус.
Мысырдағы БАҚ мәліметінше, ауруханалар жылу соққысы бар науқастарды қабылдауға және күн соққысы кезінде медициналық көмек көрсетуге дайын.
Ел бойынша экскурсиялар тоқтатылмады және туристер Мысырдың көрікті жерлерін, соның ішінде ежелгі Луксор қаласына баруға дайын. Теңіз серуенін ұйымдастырушылар да қызметін жалғастыруда, өйткені олар Қызыл теңіз жағалауының қонақтары арасында әлі де сұранысқа ие.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!